«Байлар туғанда сыйлық жаудырады»: Төреғали Төреәлінің қарындасы сынға жауап берді
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төрәлі үшінші сәбиін дүниеге әкеліп, ана атанды. Қуанышты сәтте оның жанында анасы, әпкесі, ата-енесі мен жақын туыстары болып, немерелі болған қуанышты бірге атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz
Жас ана әлеуметтік желідегі парақшасында жақындарының сыйлаған сыйлықтарын — соңғы үлгідегі iPhone, бренд сөмке сынды тартуларды жариялап, әсерімен бөлісті. Алайда бұл жазбалар желі қолданушылары арасында екіұшты пікір тудырды.
Кейбір оқырмандар:
«Байлар бірден сыйлық жаудырады, бізде бәрі басқаша», «Жанұясымен мақтаншақ. Несіне таңғаласыңдар?», «Сыйлық беру жақсы, бірақ бәрін жариялау тәкаппарлыққа апарады» деп сын айтса, енді біреулері Динаның отбасындағы жылылық пен бірлікті үлгі етті.
Сын пікірлерге жауап берген Дина Төрәлі сыйлықтың емес, сыйластықтың маңызды екенін атап өтті.
«Біздің қарым-қатынасымызда сыйлықтан да құнды дүние бар — ол сыйластық пен мейірім. Біздің тәрбиемізде ақша мен дүние емес, бауырмалдық бірінші орында. Инстаграмда көріп отырғандарыңыз — өміріміздің бар болғаны 10 пайызы ғана. Контент үшін сыйлық алып, камераға жылап, өтірік рақмет айтатындардан емеспіз. Бізде одан да құнды, сіздерге көрінбейтін сәттер көп», — деп жазды ол.
Сондай-ақ блогер өз өмірін қабылдай алмаған жандарға да ой тастады.
«Егер менің өмірімнен бірдеңе ұнамаса, ең алдымен өзіңе үңіл. Мен өз өмірімді бар қалпында қабылдап, бақыттың құшағында жүрген адаммын. Бала күнімнен ата-анам мен бауырларымнан қымбат сыйлық алып өстім. Үйдің еркесімін, әлі де еркелеймін. Үй де алдым, көлік те алдым, қымбат әшекейлер мен сөмкелер де алдым. Әлі де алуға қарсы емеспін», — деп ашық айтты Дина.
Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасын әрқилы қабылдағанымен, көпшілік ананы құттықтап, амандық пен бақыт тілеуді ұмытпады.
Соңғы жаңалықтар