Bek Air ұшақ апаты: марқұм ұшқыштарға сот үкімі шықты
1080
Алматының Түрксіб аудандық соты 2019 жылдың желтоқсанында болған Bek Air ұшағы апатына қатысты істің үкімін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Іс бойынша қаза тапқан ұшқыштар Миржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаев айыпталушы ретінде көрсетілді.
Ұшқыштар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылды, оларға қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған. Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлап, қоршауға және жеке үйге соғылған. 12 адам қаза тапты.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...