Бекболат Тілеуханның 6 жылға сотталған күйеу баласының ісі: апелляция шешімі шықты

20.05.2026 14:12 Әсел Мұрат
Бекболат Тілеуханның 6 жылға сотталған күйеу баласының ісі: апелляция шешімі шықты
422
Фото: ашық дереккөз

Бүгін екінші инстанция сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары әрі Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың ісі бойынша аппеляциялық шағым қаралды, , деп хабарлайды Politico.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жақсылық Омарды бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп таныған болатын. Атап айтқанда, ол қызметтік өкілеттігін пайдаланып алаяқтық жасау және пара алу баптары бойынша айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

«Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға рақымшылық жасау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды», — деп түсіндірген прокуратура өкілдері.

Үкімге апелляциялық шағым берілгенімен, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырды.

Саяси қайраткер Бекболат Тілеуханның жиен күйеу баласы болып келетін Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданындағы Үшарал ауылында туған. Ол 2018-2024 жылдары Өскемен қаласын басқарып, кейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Ал 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий