«Бекежаным алыс жолға аттанды»: Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовтің қонақасында сөз сөйлеп, елді жылатты

23.12.2025 15:15 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Бекежаным алыс жолға аттанды»: Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовтің қонақасында сөз сөйлеп, елді жылатты
0
339
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Меруерт Өтекешова, Асанәлі Әшімов

Қазақ киносының жауһары «Қыз Жібек» фильмінде Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Актриса марқұмның қазасын театр үшін орны толмас ауыр қаза екенін айтты.

«Бұл – театр үшін орны толмас қайғы. Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс сапарға аттанды. Бірақ ол жүрегімізде мәңгі қалады. Халық оны ешқашан ұмытпайды. Асанәлі ағаның ойнаған рөлдері де, түскен фильмдері де, сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз», – деді Меруерт Өтекешова.

Оның айтуынша, Асанәлі Әшімов өнер жолында жүргенде өзіне аға, ұстаз әрі дос ретінде көп көмектескен.

«Маған Асанәлі аға аға ретінде де, актер, ұстаз, дос ретінде де көп көмек көрсетті. Өнер жолын енді бастаған кезімде мен өте жас едім. Төлегенім алыс сапарға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға да бүгін алыс жолға аттанды. Енді олар жоғарыда бір-бірімен қауышып, бізге жұлдыздай қарап, қамқорлығын көрсететін шығар. Әттең, бір жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланады. Қалай болғанда да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды», – еді Меруерт Өтекешова.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий