Бектеновтің сөзінен кейін алыпсатарларға тосқауыл қойылуда

16.04.2026 15:15 Арман Ермеков
Бектеновтің сөзінен кейін алыпсатарларға тосқауыл қойылуда
157
Фото: ФАО

Шығыс Қазақстан облысында қарақұмық пен қант бағасын негізсіз шарықтатып жіберген саудагер әшкереленіп, заң алдында жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше өңірлік комиссия электронды шот-фактураларды тексеру кезінде қулыққа барған саудагерді анықтаған.

Белгілі болғандай жеке кәсіпкер қарақұмық, қант және тұз сияқты күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алып, оны өзіне тиесілі серіктестікке қайта сатып отырған. Осындай жасанды делдалдық жүйенің кесірінен халыққа жететін азық-түліктің құны бірнеше есе өскен.

Мәселен саудагер 241 теңгеге алған қарақұмықты 550 теңгеден сатып, оған 127% үстемеақы қосқан. Сонымен қатар қант бағасын 45%, ал ас тұзын 41% қымбаттатқан. Қолданыстағы заң бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосылатын үстемеақы 15%-дан аспауы тиіс.

Осы ережені бұзған кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасанды делдал сауда тізбегінен шығарылып, бағаның әділ қалыптасуына жол ашылды. Жыл басынан бері аталған департамент 70-тен астам сауда орнын тексеріп, оннан астам заңсыз делдалдың жұмысын тоқтатқан.

Айта кетейік, жақында Үкімет басшысы Олжас Бектенов ірі көтерме базарлардағы бағаны қолдан шарықтататын алыпсатарлардың жолын кесуді қатаң тапсырған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий