Белгілі шұжық өнімінен қауіпті бактерия табылды

Ресейдің "Роспотребнадзор" мекемесі "Останкинский ет өңдеу комбинаты" (АО «ОМПК») шығарған "Молочные" маркалы сосискалардан сальмонелла мен өзге де патогенді микроағзалар анықтады.
Бұл туралы «Бірыңғай тексерулер тізілімі» (ФГИС) ресми сайтында жарияланды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, "Коровино" сауда белгісімен шығарылған "Молочные" сосискалары техникалық регламент талаптарына сай келмейтіні белгілі болды. Өнімнен сальмонелла сияқты қауіпті бактериялар табылған.
Анықталғандай, бұл үлгілер Ресейдің Тверь облысындағы «Светофор» дүкендер желісінен алынған.
Маңыздысы – "ОМПК" өнімдері, соның ішінде "Молочные" сосискалары, Қазақстанда да кеңінен сатылып жатыр.
Алайда "Роспотребнадзор" әзірге бұл бактериялар басқа өңірлерде немесе шетелге экспортталған өнімдерден табылғаны жайлы ақпарат берген жоқ.
Соңғы жаңалықтар





