Белгілі жайдарманшы пойызда мас күйде жанжал шығарды (ВИДЕО)

29.04.2026 14:09 Арман Ермеков
Белгілі жайдарманшы пойызда мас күйде жанжал шығарды (ВИДЕО)
69
Коллаж Politico.kz

Қызылорда – Павлодар бағытындағы пойызда мас жолаушы купеде баласымен жалғыз келе жатқан әйелге тиісіп, жанжал шығарған. Желі қолданушылары бұл жолаушының «Жайдарман» ойындарының қатысушысы Ақылбек Скендіров екенін таныды, деп хабарлайды Politico.kz.

26 сәуір күні болған оқиға туралы жәбірленуші әйел өзінің Threads желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, түн ортасында Қазалы станциясында оның купесіне мас ер адамды кіргізген. Негізінде ол билет бойынша мүлдем басқа орында баруы керек болған. Бейтаныс адам бірден агрессия танытып, жолаушыға тіл тигізе бастаған соң, әйел Сексеуіл станциясында құқық қорғау органдарынан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына тек 5 сағаттан кейін ғана жеткен. Әбден шаршаған әрі баласының қауіпсіздігі үшін қорыққан әйел бұзақыны басқа орынға ауыстырғаннан кейін оған ешқандай шағымы жоқ екені туралы қағазға қол қоюға келіскен. Алайда кейінірек ол бұл бас тартуын жойып, тәртіп бұзушыны жазалауды талап етуге бекініпті.

«№117 Қызылорда – Павлодар пойызы (26.04.2026). Мен 9-вагондағы купеде баламмен жалғыз келе жатқанмын. Уақыт 00:30, Қазалы станциясы. Билетке сәйкес жолаушының орны №29 болуы керек, бірақ оны менің купеме №1 орынға ауыстырған. Ол мас күйде болды, тиісіп, балағаттап, агрессивті мінез көрсетті. Бұл қаншалықты дұрыс және жолаушылардың қауіпсіздігіне кім жауап береді деген сұрақ туындайды. Нақты қауіп төнгендіктен 102 нөміріне қоңырау шалып полиция шақырдым. Сексеуіл станциясында сағат 03:17-де хабарластым. Шамамен 5 сағаттан соң, таңертең полиция қызметкері келіп түсініктеме алды. Үш тәулік ұйықтамағандықтан, қатты шаршағандықтан және балам екеуміздің қауіпсіздігіміз үшін алаңдап, бұл адамды басқа жерге отырғызғаннан кейін шағымым жоқ деп арыз бен видеожазбаға қол қойып бердім. Бірақ қазір мен ресми түрде қайта шағым түсіріп, оқиғаның мән-жайын тексеруді талап етемін», – деп жазды жолаушы әйел.

Көліктегі полиция департаменті бұл оқиғаны растап, іс Қызылорда станциясындағы бөлімде тіркелгенін мәлімдеді. Ведомство оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүріп жатырғанын және кінәлі тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатының хабарлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий