Белгілі журналист Диля Ибрагимова өмірден өтті

27.11.2025 21:08 Арман Ермеков
Белгілі журналист Диля Ибрагимова өмірден өтті
0
99
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Диля Ибрагимова

Қазақстандық телеарналардың көркіне айналған белгілі журналист, спорт жаңалықтарының жүргізушісі Диля Ибрагимова дүние салды. Суық хабарды марқұмның әріптестері мен жақындары растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Көгілдір экранда үнемі жарқын күлкісімен есте қалған Диля кәсіби жолында «Таң», «Хабар» және «КТК» сияқты ірі арналарда талмай еңбек етті. Ол спорт әлеміндегі жаңалықтарды көрерменге жеткізуде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген маман еді.

Өкінішке қарай, тележүргізушінің соңғы жылдары ауыр сынақпен өтті. Дәрігерлер оған сирек кездесетін әрі емделуі қиын дерт – үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия диагнозын қойған болатын. Диля тағдырдың жазғанына мойымай, айықпас дертпен жанқиярлықпен күресті. Ол басынан өткеріп жатқан қиындықтарын жасырмай, әлеуметтік желіде оқырмандарымен ашық сырласып, көптен көмек сұраудан да қысылмады. Оның өмірге деген құштарлығы мен қайсарлығы талай адамға үлгі болған еді.

Марқұмның артында ұлы қалды. Диля Ибрагимованың жарқын бейнесі мен кәсіби біліктілігі әріптестері мен қалың көрерменнің жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий