Бес жасар қызды канализацияға ағызып әкетті

АҚШ-тың Флорида штатында бес жасар қыз бала қатты жарақат алып, ауруханаға түсті. Оны су ағыны жаңбыр суын ағызатын канализацияға тартып әкеткен.
Бұл туралы WWSB телеарнасы мәлімдеді.
Оқиға бала аулада ойнап жүрген сәтте болған. Кенеттен су құбыры жарылып, күшті су тасқыны асфальтта үлкен шұңқыр пайда етіп, көшені су басқан. Сол сәтте қыз баланы канализацияға сорып әкеткен. Оқиғаны көрген көршілері дереу құтқарушыларды шақырған.
Құтқару тобы жедел жетіп, баланы арнаның ішінен алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, қызды су шамамен 90 метрге дейін канализация бойымен сүйреп әкеткен. Қазіргі таңда ол ауруханада өте ауыр жағдайда жатыр.
Жергілікті шериф бұл істі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Ол құбырдың не себепті жарылғанын және бала неге үлкендердің қарауынсыз сыртта жүргенін анықтамақ.
Соңғы жаңалықтар





