"Бесікті айналдырмайды": Абай Бегейдің құдағиы ел білмейтін ырым жасады

19.11.2025 19:34 Берік Арманов
0
125
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Абай Бегейдің Сымбат есімді қызын келін еткен құдағиы немересін бесікке саламын деп, жұрттың сын айтуына себеп болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған бейнежазбада әулеттің әйелдері бесікке жатқан сәбидің үстіне алыс-жақыннан келген қонақтардың сырт киімдерін жауып жатқаны байқалады.

Видео барысында Абайдың құдағиы: «Осы кісілердің барлық қасиеті баламызға жұғыссын» деп ырым жасайды. Одан кейін жасы үлкен бір әжей түрлі тілектер айтып, баланы айналдырып тағы бір салтты орындайды.

Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Олар:

«Жаңа туған баланы бірден бесікке салып тастайды екен, тым асығыс қой», «Бізде қырқынан шыққанда ғана бесікке салатын», «Бұрын бесікке үкі не қамшы ілетін, қазір қолдан жасалған дәстүр көбейіп кетті», «Бесікті бұлай айналдырмайды»,«Бала тұншығып қала жаздады ғой», – деп пікір қалдырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий