Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздегендер үйінді астында қалып бір адам қаза тапты

23.03.2026 16:52 Арман Ермеков
Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздегендер үйінді астында қалып бір адам қаза тапты
267
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын қазушылар үйінді астында қалып, салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл жағдай бүгін 23 наурызда «Қазақалтын» серіктестігіне қарасты «Новая» шахтасында болған және құтқарушылар аман қалған азаматтарды жер бетіне алып шыққан. Түрлі дене жарақаттарын, соның ішінде сан сүйектерінің сынуы мен бас жарақатын алғандардың бірі 18-ге де толмаған Степногорск қаласының тұрғыны болса, екіншісі 22 жастағы Астана қаласының азаматы екені белгілі болды.

Ақмола облысының полиция департаменті аталған ақпаратты растап, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды және алдын ала мәліметтерге сәйкес 23-інші наурызда Бестөбе кентіндегі шахтаның төменгі қабатында 3 заңсыз алтын қазушы жарақат алған. Оқиға салдарынан бір ер адам қайтыс болып, қалған екеуі емдеу мекемесіне жеткізілді және қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий