Бибісара мен өзбек шахматшысы Синдаровты не байланыстырады: Асаубаева бес жылдан бергі құпиясын ашты  

28.07.2026 10:52 Әсел МҰРАТ
Бибісара мен өзбек шахматшысы Синдаровты не байланыстырады: Асаубаева бес жылдан бергі құпиясын ашты  
171
Фото: Telegram/bibisarachess

Әлемге танымал қазақ гроссмейстері Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысы Жавохир Синдаровпен түскен бірнеше жыл бұрынғы ескі суреттерін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Соңғы уақытта Бибісара мен Жавохир жиі көзге түсіп жүр. Бірақ шахматшылар қарым-қатынастары туралы ресми түрде пікір білдірген жоқ.

«Галареяны тазалап отырып, ностальгияға берілдім. 2022-2025 жылдардағы ескі суреттерді жариялап отырмын. Содан бері айтарлықтай есейіп, жақсара түскен сияқтымыз. Бірақ өмірімізде бір нәрсе өзгермегеніне қуаныштымын: бір-бірімізді қолдап, турнирлерде көмектесіп, бірге өсіп келеміз. Достығымыз басталған уақытта менің рейтингім шамамен 2370, ал Жавохирдің рейтингі 2550 болған. Содан бері бес жылдан астам уақыт өткеніне сену қиын. Қазір екеуміз де әлемнің үздік бес шахматшысы қатарындамыз. Әлем кубогындағы жеңісі үшін ғана кездесе бастады деген пікірлерге күлкім келеді », – деп жазды Бибісара Telegram-арнасына.

Шахматшы Жавохир Синдаровпен бірге түскен суреттерінің астына ағылшын тіліндегі «besties», яғни «жан достар» деген жазу қалдырған. Сонымен қатар ол жазбасына «шексіздік» пен «көз тимесін» деген мағынаны білдіретін белгілерді де қосқан.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың қарым-қатынасы 2026 жылдың көктемінде көпшіліктің назарын аудара бастады. Бұған қос шахматшының Үміткерлер турнирі кезінде бірге көрінуі себеп болды. Сол кезде қазақстандық шахматшы өзбек гроссмейстерін көпшілік алдында «менің чемпионым» деп атаған еді.

Маусым айында олардың арасындағы байланыс туралы әңгіме одан әрі қыза түсті. Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында Парижге бірге барған сапарынан романтикалық видео жариялады. Шахматшы жазбасына «Қайта-қайта ғашық болу» деген сөз қалдырған. Видеода Жавохир Синдаровтың Бибісараның маңдайынан сүйген сәті бейнеленген.

Жастардың қарым-қатынасына Жавохир Синдаровтың отбасы да оң көзқарас танытқаны айтылды. Атап айтқанда, оның атасы әрі Өзбекстан шахмат федерациясы төрағасының орынбасары Комил Синдаров екі жастың таңдауын қолдап, оларға батасын берген.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий