13 жасар қызды зорлады деген күдікпен екі адам қамауға алынды
Қырғызстанның Қаракөл қаласында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен жергілікті екі тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Жантүршігерлік жағдайға байланысты құқық қорғау органдарына зардап шеккен қыздың анасы 11 қыркүйекте шағымданған. Оның айтуынша, 10 қыркүйек күні кәмелетке толмаған қызы екі бірдей азаматтың тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
Милиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында күдіктілердің жеке басын анықтады. Олардың 2006 және 2007 жылы туған жергілікті жасөспірімдер екені белгілі болды. Жәбірленушіге қатысты дереу сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
14 қыркүйек күні күдіктілер ресми түрде тұтқындалды. Қаракөл қалалық сотының санкциясымен олар тергеу аяқталғанға дейін екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заңға сәйкес, күдіктілердің кінәсі тек сот үкімімен дәлелденбек.
Соңғы жаңалықтар