Билікте жемқорлыққа былыққан адамдар отыр – журналист
Танымал қоғам белсендісі, журналист Дина Елгезек Жанар Байсемізге берген сұхбатында қазіргі билік туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Дина Елгезектің айтуынша, Тоқаевқа берілген 6 жыл аз емес.
«Бұл –саясаткерге берілген өте үлкен уақыт. Егер, шын мәнінде, өзгеріс болса, азаматтық қоғам орнар еді. Халық қазір кедейленіп бара жатыр. Инфляция қалай болып жатқанын кеше көрдіңіз. Үкіметте кеше дағдарысты алдын алу шаралары қолданып жатыр. Саяси жағдайдың репрессиялары көбейе түсті. Билікке қарсы сөз айтқандар түрмеден шығып жатыр. Әріптесіміз Мирболат Мырзатайұлы жақында сотталып жатыр. Думандар, Әйгерімдер түрмеде. Бұндай билікпенен енді азаматтық қоғам орнату мүмкін емес», - деді Дина Елгезек.
Журналист билікте отыз бес жыл бойы дым бітірмеген, керісінше автократиялық режимнің орнауына ықпал еткен адамдар отыр дейді. Дина Елгезек олардың өзгеріс әкелетініне күмән келтірді.
«Меніңше, оларда (билікте – ред.) о баста шынайы өзгеріс жасаймын деген ниет болған жоқ. Оларда бәрі декоративті түрде болды. Тек қана көзбояушылықпен айналысты. Шын мәнінде өзгеріс орнатамын деген адам иллюстрациядан бастау керек еді. Бұрынғы Назарбаевтың кезінде жұмыс істеген кадрларды шығарып жібергендеорнына мықты тұлғалар пайда болды. Бізде Серік Бейсенбаев деген мықты жігіт, Рахымбек Әбдірахманов деген экономисіміз бар. Шалқар Нұрсейіт, Димаш Айжанов, Қазбек Бейсебаев, Меруерт Махмұтова сынды мықты адамдарды шақыру керек. Досым Сатбаевтар бар. Соларды неге шақырмасқа? Қазіргі билікте жемқорлықпен байланысы жоқ адамдарды қалдыруға болады. Кімдердің отырғанын білеміз ғой. Бүгінгі билікте жемқорлықпен былыққан адамдар отыр. Отыз бес жыл бойы осы билікте жүріп дым бітірмеген, керісінше автократиялық режимнің орнауына ықпал еткен адамдар отыр. Олар қандай өзгеріс әкеледі? Ешқандай өзгеріс әкелмейді. Ол қоғамға түсінікті болды. Сол себептен қоғам иллюстрацияны талап еткен. Енді мүлдем бәрі бірдей жаңағы мемлекетке қастандық жасап отыр, олардың бәрі біліксіз деп айтуға келмейді. Ішінде кейбір мықты кадрлар бар. Ал бірақ біз білетін кадрлар да бар. Билікке барған кезде адамды сына дейді ғой. Көзін кәдімгі шел басып қалады. Көзін шел басқаннан кейін халықтың шын мәніндегі мұң-мұқтажын түсінбейді. Шын мәніндегі мұң-мұқтажын түсінбейді. Біз неге осы жолда тұрап тұралап қалдық? Біз неге дамымай отырмыз? Бұның себебі неде дегеннің ар жағын олар түсінеді. Негізі демократиялық процестердің болуы, саяси процестердің тірілуі дейікші. Дұрыс адамдарды әкелсек, үлкен өзгерістер болатынын біледі. Бірақ сол баяғы сүрлеу, былық. Баяғы жүйе, жүйе өзгерген жоқ», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар