«Бір әйелді бақытты қыла алмағанды әңгіме қылып та керек жоқ». Жанар Айжанова қызына ажырасқанда қалай қолдау көрсеткенін айтты
Белгілі әнші Жанар Айжанова журналист Айнұр Ілиясованың «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұқбатында қызы Айжұлдыз Адайбековаға мобилограф Қыран Талапбекпен ажырасқанда қалай қолдау көрсеткенін әңгімеледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші басты мақсаты қызы Айжұлдыз Адайбекова мен немересінің амандығы болғанын айтады. Сондай-ақ, ол бұл тақырыпқа көп тоқталғысы келмейтінін алға тартты.
«Айжұлдыздың жағдайы, әрине, қиын болды. Мен енді айтқым да келмейді. Бірақ бір ғана нәрсені түсіндім: болмайтын нәрсе. Әдеттегідей қызыма қолдау көрсетіп: «Жылама, қызым, жылама. Мұңайма, қызым, мұңайма. Уақытша, өтеді. Ең басты мәселе — ішіңдегі баланы туып ал. Керек болмаса, маған керек, саған керек. Рахатын көресің ертең. Ештеңе де қирап қалған жоқ, көрейік. Ең бастысы — сенің аман-есен босануың. Менде басқа ешқандай мақсат жоқғ бастысы — сенің амандығың, баланы аман-есен босануың» дедім. Сөйтіп қолдау көрсетіп, әп-әдемі болып баласын туып алды. Үмітсіз — шайтан. Әйтпесе мен айтар едім: болмайтын нәрсенің ары қарай керегі де жоқ. Менің бір ғана қағидам бар: бір әйелді бақытты қыла алмайтын шіркінді әңгіме қылып та керегі жоқ. Жалпы айтып жатырмын. Қызуы басылмай жатып, бір қызды бақытты қыла алмайтын шіркінді әңгіме қылып керегі де жоқ», — деді Жанар Айжанова.
Ары қарай әнші барлық жағдайда қызы Айжұлдыз Адайбекованы қолдайтынын айтты. Осы орайда, ол халықтың пікіріне көп назар аудармайтынын алға тартты.
«Кез келген жағдайда әркім өз баласын жақтайды. Он жерден керемет болса да, қисық болса да — ол өмірдің заңы. «Қарға баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді». Әркім өз баласын жақтайды. Мен қашан да Айжұлдыздың жағындамын, өйткені мен — оның анасымын. Айжұлдызға қандай тәрбие бергенімді, не ішіп, не қойғанын, қалай жүргенін мен беске білемін. Қызым соған тұрады. Мен кез келгеннің бетіне қарап айтамын. Айжұлдыздың өткен өміріне күле ме, күлмей ме — мейлі, мен пысқырдым. Өйткені Айжұлдыздың қандай қыз екенін, қандай тәрбие көргенін, қандай адал қылып асырағанымды мен ғана, бір Құдай ғана біледі. Ешкімнің әңгімесінен қорықпаймын, шаруам да жоқ. Ешкімді қарғамаймын да. Бүгін күлесің, ал ертең сенің алдыңнан келеді», — деді әнші.
Еске салсақ, Жанар Айжанова 2022 жылы қызының ажырасуына мобилограф Қыран Талапбек пен оның анасы себепші болғанын айтқан еді.
"Ешкім де айырған жоқ. Оны маған емес соның шешесіне айт. "Ішіңдегі бәле өлсін, тусаң өзің үшін ту, маған пох*й" деп есіктің алдына әкеліп, қызымды лақтырып кеткен безбүйрекке айт. ЗАГС-ке тұрмаймыз, туған баланы тек асырап алып отырамыз" деген көргенсізге айт. Айжұлдыз қарны қампиып, тоғыз айында соқырішек болып операция жасап жатқанда ат ізін салмаған, өз ұрпағына өлім тілеп, керек емес деген солардың опасыз отбасына айт", — деп жазды Жанар Айжанова.
Соңғы жаңалықтар