«Бір қызы бар»: Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі балаға қатысты шындықты айтты

«Бір қызы бар»: Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі балаға қатысты шындықты айтты
06.10.2025 10:24
0
667

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев “Уақыт көрсетеді” YouTube  арнасына берген сұхбатында отбасылық өмірі мен бала мәселесіне қатысты алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Дархан Мұсаевтың сөзінше, олардың некесінен бала болмаған.

«Арамызда ортақ бала жоқ. Бір қызы бар дейді ғой, ол — Дариғаның туған әпкесінің қызы. Сол қызды біз төрт-бес жасынан бастап бауырымызға бастық», — деді ол.

Бұл мәлімдемеден кейін әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі Мұсаевтың сөзін артық деп есептесе, енді бірі оның шындықты айтқанын қолдады.

Желіде мынадай пікірлер жазылды:

«Қызға ауыр болды, "күшік алдық үйге" дегендей әсер қалдырды», «Дариға бедеу екен ғой», «Қарашашты асырап алдық демей, өз қызым деп айтса ғой, баланың жанына жара салмас еді», «Бала болмаса, неге сонша өкініп отыр?», - деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий