«Бір соғым менен» деп айтатындар енді сотталуы мүмкін
622
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында сөз жүзінде пара беруге уәде еткендер де жазалануы мүмкін екенін айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Мәжілістегі «Параны сұрау мен параны ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы»тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысқан. Ол осы жиында параны ұсынатындарды да жазалау қажеттігін айтқан.
«Жалпы пара алу, пара беру қылмыс екенін бәріміз білеміз. Енді параны сөзбен ұсынуда қылмыс болмақ. Мәжіліске осындай ұсыныстүсіп жатыр. Заңгерлер мен адвокаттар, прокурорлар мен соттар жиналды. Әр түрліой айтылды. Бұл заң қабылданса, «рақметіңді айтамын», «осы мәселені шешсең, ренжітпеймін», «бір соғым менен», «көмектесші, сені де ұмытпаймыз ғой!» дегенсөздер үшін сотталып кетуге болады. Демекқылмысты әлі жасамасаңыз да, тек қылмысқаынтаңыз бен зауқыңызды сөзбен айтсаңыз, сізгеқылмыстық іс қозғауға болады. Кейбір адвокаттар бұл заңға қарсы шықты. «Адамныңсөзі – ол жәй ғана сөз. Пара алса, қылмыс, параны ұсынса, қылмыс емес деді адвокаттар тобы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен прокуратураның пікірі басқаша. Заңдышығаратын депутаттар ойланып отыр. Мен деойланып қалдым. Бір жағынан агенттікөкілдерінің сөзі дұрыс, ал бір жағынанадвокаттардың сөзінде де жан бар», – дейді Самат Нұртаза.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...