«Бір түндік неке» дауы: Блогер қыз орамалын шешіп тастап, жұртқа жақпай қалды (ФОТО)

01.12.2025 10:48 Айсұлу Мұрат
«Бір түндік неке» дауы: Блогер қыз орамалын шешіп тастап, жұртқа жақпай қалды (ФОТО)
0
92
Коллаж: sn.kz

Ақтөбеде мешітте өзіне «уақытша неке» ұсынған ер адам туралы видеосымен елді дүрліктірген блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы да жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Танымал діндар тиктокер жақында көпшілікке жаңа бейнесін көрсетті – Эммануэлла діни стилінен бас тартып, хиджабын шешкенін жария етті.

Бұл өзгеріс әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Кей діндар әйелдер оны сынап, ауыр сөздер жазса, басқа қыз-келіншектер керісінше блогерді қолдап, «денсаулығына байланысты шешім қабылдады, дұрыс істеді» деп қорғауда.

Эммануэлланың күтпеген өзгерісі қоғамда тағы да үлкен талқылауға себеп болды.

"Өкінішті, орамалмен әдемірек еді", "Қыздар, әпкелер, хиджаб туралы оған ештеңе жазбаңыздаршы. Жүрегін ауыртпаңыздар. Айытау мен қысым арқылы өзін дұрыс істедім деп ойлап қалуына мәжбүрлемеңіздер", "Жақында оның бір reels не stories-те хибжаб тағудың оңай емес екенін, бірақ оны не үшін және кім үшін таққанын ұмытпау керек екені айтқаны есімде. Сондай-ақ Алланың разылығы үшін сы жолды таңдағандықтан, оны шешпеймін деген еді"-деп жазып жатыр желі оқырмандары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий