Біреуі – 15 жаста: Шымкентте полицей әпкелі-сіңлілі екі қызды зорлап, видеоға түсірген
1198
Шымкентте апалы-сіңлілі екі қыз өздеріне қол жұмсамақ болды. Олардың бірі кәмелетке толмаған, деп хабарлады politico.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Расталмаған ақпаратқа сәйкес, олар бірнеше ер адамның жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағаннан кейін шарасыз қадамға баруға бел буған. Полиция қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары қандай бап бойынша тергеу жүріп жатқанын айтудан бас тартты.
Ашық оқиғаны қоғам белсендісі Дина Таңсәрі бөлісті. Оның айтуынша, Шымкенттегі ауруханалардың бірінің қызметкері «НеМолчи KZ» қорына хабарласып, 30 шілдеде токсикология бөліміне 21 және 15 жастағы екі қыздың түскенін жеткізген.
Оларды зорлап, видеоға түсірген. Зорлаушылардың бірі полиция қызметкері болып шықты. Қыздар арыз жазып, олармен психолог жұмыс істеп жатыр. Оларды болған жайт туралы айтса видеоны интернетке саламыз деп қорқытқан, - делінген анонимді үндеуде.Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Фото: lavnes.ru: Getty Images
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...