Бишімбаев бұрынғы әйелінің туған күніне түрмеден күтпеген «сыйлық» жіберген
Cалтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оқырмандарына туған күнінде бұрынғы күйеуінен ерекше сыйлық алғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айтуынша, туған күніне түрмеден бұрынғы күйеуі Бишімбаев арнайы сыйлық жолдаған.
Оның айтуынша, таңертең туыстары мен жақындарының гүлдерімен және құттықтауларымен бірге оған бұрынғы күйеуінің сотқа түсірген шағымы табысталған. Назым Қахарманға соттан екі конверт келген. Бірі – балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы талап, екіншісі – балаларды шетелге шығаруға қатысты сенімхатты қайтарып алу туралы ескерту.
«Бұрынғы күйеуім туған күніме сыйлығын жеткізу үшін барын салыпты. Таң атпастан одан сотқа екі шақырту алдым. Кеше қол қойып, Степногорск қаласынан бүгін жедел түрде жеткізіп тұр», - деді Назым Қаһарман.
Оның айтуынша, Бишімбаев ортақ балаларына қатысты мәселе бойынша сотқа арыз түсірген. Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі перзенттеріне шетелге рұқсатсыз шығуға мүмкіндік беретін сенімхатын қайтарып алғанын хабарлады.
Оған қоса Қаһарман экс-жолдасынан мұндай әрекетерді күткенін жеткізді.
«Көңіл-күйім қатты түскен жоқ, себебі оның мұндай әрекеттерге баратынын білдім. Бұл адам істеген істеріне өкініп, балаларына барынша көмектесіп, солар үшін қашықтан қуанып жүретін болса таңғалар едім. Алайда, олай емес. Мұндай адамдар ешқашан өзгермейді», - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 2024 жылдың мамыр айында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соңғы жаңалықтар