Бишімбаев түрме әкімшілігіне қарсы сотқа жүгінді
Экс-министр сотқа жүгінді, бірақ жеңіліс тапты
Экс-министр Қуандық Бишімбаев түрме әкімшілігінің әрекетіне наразы болып, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) мәліметінше, Бишімбаев түрме әкімшілігінің оған марапат (поощрение) бермей отырғанына шағымданған. Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға марапат беру қарастырылмаған.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға тәртіп бұзушылық болған жағдайда марапат қолданылмайды. Бұл сотталған азаматтың тәртіп бұзған бір оқиғасы бар, сол себепті марапат беру мүмкін емес», – делінген ресми хабарламада.
Сот Қуандық Бишімбаевтың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...