Биылғы Жолдауда отандық тауар өндірушілерге назар аударылуы мүмкін – экономист
767
Қыркүйектің алғашқы аптасы еліміз үшін маңызды оқиғамен басталады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы кезекті Жолдауын жариялайды. Осы ретте маңызды құжатта қандай өзекті мәселелер көтерілуі мүмкін?
Экономист Бауыржан Ысқақовтың пікірінше, қазіргі уақытта экономикадағы айқын бағыт – отандық тауар өндірушілерге назар аудару қажет, деп хабарлайды Politico.kz.
Биылғы Жолдауда біз бірнәрсені ескеруіміз керек. Жолдаудың өзі бір жылға бағытталатын болса, сол жылда біз үлкен бағдарламаларды анықтаймыз да, келесі жылы басқа бағытқа ауытқып кетеміз. Экономикада толыққанды дәрежеге жету үшін сол жасалған жобалар кем дегенде үш, бес жылға дейін созылуы қажет. Сондықтан былтырғы жасалған жұмыстарды нақтылайтын, пысықтайтын, олардағы кейбір кемшін тұстарды, ескерілмей қалған тұстарын қамтитын жолдарын қарастыруымыз керек. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі дейміз. Оның дамуына, өркендеуіне қатысты қандай нақты жұмыстар атқарылды? Соны сараптап алған жөн. Сондай-ақ қазіргі уақытта экономикадағы айқын бағыт – отандық тауар өндірушілерге қарай назар аудару. Нақты көрсеткіштер болуы қажет. Ол үшін өңірлердегі өңдеуші өнеркәсіптің дамуына облыс әкімінен бастап, аудан, ауыл әкімдерінің жауапкершілігін күшейткен жөн. Бұл әрі облыстың рейтингіне де әсер етуі қажет. Әкімдердің жұмысы инвестициялық тартымдылық, өндірісті көбейту, өнеркәсіптің күшеюіне әсер етуінен көрініс тапқаны дұрыс. Отандық кәсіпорындарды көрсетпейміз, қандай да бір қондырғы алатын болсақ, оны біз сырттан тасуға мәжбүрміз, - дейді ол.Сарапшының сөзінше, экономиканы әртараптандыру деген мұнайдан түсетін қаражаттарды айналып келіп, өзіміздің отандық экономикаға жұмсайтын секторға айналдыру қажет.
Мемлекеттік сатып алудың мәселесін тындырып жатырмыз. Мемлекеттің үлкен қаражатының сыртқа кетуіне тікелей әсер етіп жатырмыз. Сол қаражат сыртқа емес, ішкі нарықты дамытуға жұмсалса, ол ішкі отандық өнімнің дамуына қызмет етсе, құба-құп. Сонда ғана экономиканың дамуында ілгерілеу болар еді. Яғни, экономиканы әртараптандыру деген мұнайдан түсетін қаражаттарды айналып келіп, өзіміздің отандық экономикаға жұмсайтын секторға айналдыру деген сөз. Міне, осындай бағыттар Президенттің биылғы жылғы Жолдауында нақты көрсетілсе, оның нәтижесі де жоғары болады, - дейді Бауыржан Ысқақов.Фото: bairaq.kz
Соңғы жаңалықтар
15.06.2026
13:11
Сотталғандарды азаптады деп істі болған 12 түрм...
15.06.2026
12:44
Джеки Чан Қазақстанда: "Доспехи Бога 4" фильмін...
15.06.2026
12:44
"Туған әкем сегіз жыл бойы зорлаған": белгілі ...
15.06.2026
12:13
Әл-Фарабидегі жол апаты: Марқұм жүргізушінің ә...
15.06.2026
12:00
"Сені құртамын": Төреші мен Карпович арасындағы...
15.06.2026
11:27
Тоқаев ерекше видео жариялады