Блогер жарнама түсіремін деп теміртордан бір-ақ шықты

Блогер жарнама түсіремін деп теміртордан бір-ақ шықты
17.06.2025 17:32
0
132
Фото: Видеодан кадр

Жамбылда қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми сайты хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды.

"Болашақ көрермендердің назарын аударуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан", - делінген министрліктің хабарламасында.

Полиция блогерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсірді деген блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий