Блогердің қазасынан кейін аты аталған клиника туралы жаңа мәлімет шықты

28.05.2026 20:25 Қарақат АСЫЛОВА
Блогердің қазасынан кейін аты аталған клиника туралы жаңа мәлімет шықты
202
Фото-коллаж: Politico.kz
Блогер қазасынан кейін пластикалық хирургия клиникалары бақылауға алынды

Қазақстанда пластикалық ота жасайтын клиникаларға бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде пластикалық хирургия қызметін көрсетуге лицензиясы бар 295 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оның 247-сі жекеменшік клиника. Соңғы бес жыл ішінде аталған мекемелерге 92 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, түрлі заңбұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сенат кулуарында журналистер Алматыдағы қайғылы жағдайдан кейін клиникаға қатысты қандай шаралар қабылданатынын сұрады. Бауыржан Жүсіпов бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылғанын айтты. Оның құрамына тәуелсіз сарапшылар да енгізілген.

«Сонымен қатар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің орталық аппаратынан маман Алматыға жіберілді. Комиссия бүгіннен бастап ресми тексерісті бастады», – деді ол.

Комитет төрағасы Батыс Қазақстан облысындағы жекеменшік клиникада болған қайғылы жағдайға да тоқталды. Оның сөзінше, медициналық мекемеге қатысты тексеріс аяқталып, жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Войдите, чтобы оставить комментарий