«Болашақ» бағдарламасымен енді оқушылар да білім ала алады
456
Енді мектеп оқушылары «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім ала алады. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.
Ол бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылғанын атап өтті.
«Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді», – деді Аймағамбетов.
Депутаттың пікірінше, дарынды балаларға мемлекеттік бюджет есебінен грант беру – маңызды қадам.
«Енді «Болашақ» бағдарламасы ең дарынды оқушылар үшін бакалавриаттан бастап қолжетімді болады. Бұл – жас таланттарды қолдап, оларды елде ұстауға мүмкіндік беретін маңызды жаңашылдық. Олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, кейін елге оралып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосады. Дарынды балаларды қолдау – олардың болашағына салынған инвестиция ғана емес, бұл Қазақстанның дамуына бағытталған стратегиялық қадам», - деп толықтырды ол.
Айта кетейік, қазір «Болашақ» бағдарламасы тек магистратура мен докторантураға арналған.
Соңғы жаңалықтар
24.07.2026
12:35
Түлкібаста екі жасар бүлдіршін дәретханаға құла...
24.07.2026
12:01
Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті
24.07.2026
11:43
"Феноменсіз": Ерке Есмахан продюсер Баян Алагөз...
24.07.2026
10:52
«Жанына сыбырлап айтатын адамдарын ертіп келсін...
24.07.2026
10:40
"Штраф салып басты қатырасыңдар": Атышулы Бағда...
24.07.2026
10:24
Алматы облысында 6 жасар балаға қан құйылғаннан...