Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді
427
Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың тұңғыш ұлы Нұрбол Назарбаев туған әкесіне қарсы сотқа арызданды. Бұл туралы NewsRoom99 telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, меценат Болат Назарбаев енді тек билікпен ғана емес, өз отбасымен де соттасуда. Оның бірінші әйелі дүниеге әкелген тұңғыш ұлы Нұрбол Назарбаев әкесі мен бұрынғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваны сотқа берді. Нұрбол Назарбаев азаматтық соттан өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды және Болат Назарбаевтың Гүлнұрмен некесін жарамсыз деп тануды сұрайды.
Айта кетейік, Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарып, полиция полковнигі шеніне дейін көтерілді. Оның көптеген мемлекеттік наградалары бар. Дегенмен, Нұрбол соңғы жылдары кәсіппен айналысып, тіпті жетістікке жетіп жүр. 2022 жылы Forbes журналы оны қазақстандық ең бай 50 бизнесменнің қатарына қосқан.
Politico.kz
adyrna.kz
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды