«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған танымал айтыскер жазаланды

14.09.2026 09:36 Әсел МҰРАТ
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған танымал айтыскер жазаланды
164
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Шайыр ауылында өткен айтыстағы сөзі үшін ақын Мақсат Ақановқа қатысты шешім қабылданды. Ол алдағы алты ай ішінде айтыстарға қатыса алмайды. Бұл туралы Айтыс Одағының төрағасы Аманжол Әлтай мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шайыр ауылындағы айтыстан үзінді тараған болатын. Видеода ақынның сахнада айтқан сөзі көпшіліктің сынына ұшырады.

Ақынның сөзіне қатысты Нұргүл Хасанова да пікір білдіріп, оның әрекетін айтыс әдебі мен сахна мәдениетіне сай емес деп бағалады. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында ақынның сөзін өткір сынап, мұндай жағдайда сахна мәдениеті мен көрерменге деген құрмет сақталуы керектігін айтты.

«Мынау не масқара, не көргенсіздік! Күні кеше Шайыр ауылының 100 жылдығында болған жағдай» дейді. «Вацап» арқылы келіп жатыр. Аяғы лас төрді былғайды, аузы лас елді былғайды» деген, аузына келгенін көкіп отырған мынаны желкелеп сахнадан қуып шығатын бір намысты адам болмағаны ма сол жерде?! Жүз жерден «жұлдыз», мың жерден «дүлдүл» болса да! Мынау не басыну, не тайраңдау?! Айтыстың әдебі, сахна мәдениеті қайда?! Айтысты ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы не қарап отыр?! Елді сыйламау, жерді қорлау, тұтас халықты адам құрлы көрмей, ар-намысын таптау ғой бұл!» – деп жазды ол.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында да қызу талқылау басталды. Кейбірі тіпті, оның сахнаға мас күйінде шыққан болуы мүмкін екенін болжап, ақынның ұйқас құрауда қиналғанын жазды Ақынның сөзін орынсыз деп бағалап, тиісті шара қолдануды талап етті.

Ал Айтыс Одағының төрағасы Аманжол Әлтай бұл айтыс одақтың жоспарында болмағанын, Шайыр ауылында болған айтыс екенін жеткізді. 

«Бұл – Айтыс одағының жоспарында жоқ, Шайыр ауылында болған айтыс. Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен сол өңірдің азаматтарының ұйымдастыруымен өткен. Біздің қатысымыз жоқ.
Өзім ұйымдастырған, қадағалаған айтыстарда сахна мәдениетінің сақталуына, ақындардың әдебіне ерекше мән беріледі. Мақсат Ахановты алдағы жарты жылда айтыстарға қатыстырмау жөнінде шешім қабылданды.
Шайыр ауылында орын алған келеңсіздік біздің де қабырғамызға батуда. Бір ақынның қателігі үшін барлық ақын кінәлі емес. Өзім ұйымдастырған, басы - қасында болған айтыстарда мұндай келеңсіз жағдайлар ешқашан болған емес», - деді Әлтаев.

Войдите, чтобы оставить комментарий