Борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды
350
Бас әскери прокуратураның қадағалау шараларымен мемлекетке млрд теңге қайтарылды,-деп хабарлайды politico.kz
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің «K-Dorstroy» АҚ-на 1 млрд 36 млн теңге көлемінде аванстық төлем және 31 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.Аталған АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы «Жетіген» аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, бірақ келісім шарттарын орындамаған. Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді. Нәтижелері бойынша залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды, - делінген Бас әскери прокуратура ақпаратында.
Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
19:37
«Менің бір ғана әйелім бар»: Данияр Елеусінов ж...
26.08.2026
19:05
«Бір ай бойы көмек сұрадым»: Қызылордада екі ай...
26.08.2026
19:05
Respublica партиясы Құрылтайға баратын 9 депута...
26.08.2026
18:50
«Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кім...
26.08.2026
18:45
ЖСДП жаңа Құрылтайға баратын 8 депутатының тізі...
26.08.2026
18:33
«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін...