«Бұл — менің қатем!». Бота Миа қырғызстандық балаға тұлпар мінгізіп, халықтан кешірім сұрады
«Бота Миа» атымен танымал блогер желіде дау тудырған сөздері үшін қырғыз халқынан кешірім сұрап, шабандоз балаға тұлпар мінгізді, деп хабарлайды Politico.kz.
«Осы күнге дейін Қырғызстанның мәдениеті мен медиа-индустриясын Қазақстанға әрдайым үлкен құрметпен таныстырып келемін. Қырғызстандағы жаңа әндер, клиптер, кинолар, сән индустриясындағы жаңалықтар болсын бәрін Қазақстандағы оқырмандарыммен бөлісіп келемін. Қырғызстан туралы әрдайым мақтанышпен айтып жүремін! Жақында кішкентай қырғыз баласының қазақ баласына көрсеткен кеңдігі мен адамгершілігіне бүкіл ел куә болды. Бұл — қазақ пен қырғыз халқының бауырластығын дәлелдеген үлкен өнеге. Сондықтан мен құр сөзбен емес, іспен құрмет көрсеткім келеді. Сосновка ауылына барып, кішкентай батыр шабандозға өзімнің құрметімнің белгісі ретінде тұлпар сыйлағым келді. Екі елдің арасына ешқашан сызат түспесін. Қазақ пен қырғыздың достығы әрдайым берік болып, бауырластығымыз мәңгі жасай берсін», — деді Бота Миа.
Ары қарай ол айтқан сөздері үшін халықтан кешірім сұрады.
«Сүрінбейтін тұяқ болмайды» демекші, бүгін мен халқымның алдында да, қырғыз халқынан да шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Менің айтқан сөзім көпшіліктің көңіліне тиіп, ренжіткенін түсіндім. Бұл — менің қателігім!» — деді Бота Миа.
@bota_mia Мен осы күнге дейін Қырғызстанның мәдениеті мен медиа-индустриясын Қазақстанға әрдайым үлкен құрметпен таныстырып келемін. Қырғызстандағы жаңа әндер, клиптер, кинолар, сән индустриясындағы жаңалықтар болсын бәрін Қазақстандағы оқырмандарыммен бөлісіп келемін. Қырғызстан туралы әрдайым мақтанышпен айтып жүремін! Жақында кішкентай қырғыз баласының қазақ баласына көрсеткен кеңдігі мен адамгершілігіне бүкіл ел куә болды. Бұл -қазақ пен қырғыз халқының бауырластығын дәлелдеген үлкен өнеге. Сондықтан мен құр сөзбен емес, іспен құрмет көрсеткім келеді. Сосновка ауылына барып, кішкентай батыр шабандозға өзімнің құрметімнің белгісі ретінде тұлпар сыйлағым келді. ✊ Екі елдің арасына ешқашан сызат түспесін. Қазақ пен қырғыздың достығы әрдайым берік болып, бауырластығымыз мәңгі жасай берсін. 🇰🇿🤝🇰🇬
♬ оригинальный звук - bota_mia
Соңғы жаңалықтар