Бозымбаев Түркістан облысындағы өртті тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады

19.11.2025 09:26 Әсел Мұрат
Бозымбаев Түркістан облысындағы өртті тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады
0
198
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алғабастағы өртті тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады,деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Вице-премьер кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққанын айтты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара опырылған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07:22-де сөндірілді.

Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда. Әзірге қылмыстық құрам жоқ. «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі).

Еске сала кетейік, 18 қарашада Түркістан облысы Алғабас ауылында екі қабатты үй жанып, 12 адам қаза тапты. Олардың 9-ы - бала. 3 адам жансақтау бөліміне түсті.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий