"Братан": Білім басқармасының қызметкері Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілерімен көшедегідей сөйлескен

29.07.2025 14:55
0
313
Сурет: Бейнеден кадр

Білім басқармасының қызметкері Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілерімен көшедегідей сөйлескен, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бағанашыл жанжалының буы басылмай жатып, тағы бір келеңсіз видео желі қолданушыларының қолына түсті. Бұл жолы Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен по-братски сөйлескен білім басқармасының қызметкері сынның астында қалды.

Видеода облыстық білім басқармасы қызметкері Мадияр Шәріпов балаларға Қонаевқа көшу туралы ұсыныс жасап жатыр. Бірақ оның айтқан сөзі мен сөйлеу мәнері жұртты таңғалдырды. Братан деп басталған әңгімені естіген көпшілік мемлекеттік қызметкер балалармен осылай сөйлесуі керек пе деген сұрақ туындады.

Қоғамның қызу талқысына түскен видеодан кейін Білім басқармасы түсініктеме беріп үлгерді. Шәріповтың бұл мекемеде небәрі бір ай ғана жұмыс істеп жүргені, әзірге сынақ мерзімінде екені айтылды. Этикетке сай емес әрекеті үшін онымен әңгіме жүргізіліп, ескерту жасалған. Алдағы уақытта оның жұмысын бақылауда ұстаймыз деп уәде берді басқарма өкілдері.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий