Бұған дейін қызметінен қуылған полиция басшысы ұсталды

Бұған дейін қызметінен қуылған полиция басшысы ұсталды
Атырауда бұрынғы полиция басқармасының басшысы ұсталды

Атырау қаласында полиция басқармасының бұрынғы басшысы Бақтыбек Исаевқа қатысты заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.  

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесінде Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Бақтыбек Исаев қызметінен теріс себептермен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Министрлік бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын және өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді. Министрлік барлық құқық бұзушылықтар қызметтік дәрежесіне қарамастан қатаң түрде қаралатынын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу