«Бұл әнге расымен вальс билеуге бола ма?»: Daricorn-ның жаңа туындысы желіде қызу талқыға түсті
Блогер Daricorn қазақ тіліндегі жаңа әнін тыңдарманға ұсынды. «Вальс» жанрында ұсынылған бұл туынды әлеуметтік желіде бірден назарға ілігіп, көпшіліктің пікірі екіге жарылды, деп хабарлайды Politico.kz
Кейбір желі қолданушылары әннің әуені мен құрылымына күмән келтіріп, әзіл-сықақ аралас сын пікірлер қалдырды.
«Мына әнге расымен вальс билеуге бола ма?», «Вальс емес, жай ғана ырғақ сияқты», «Ұйқас та, нақты ырғақ та жоқ», «Үйдегі әңгімені ән қылып жібергендей», «Ұйқым келмейді» әнінің жалғасы ма?», «Сөзін түсінген бір адам бар ма?» деген сарындағы пікірлер жиі кездеседі.
Тіпті кейбірі орындаушылық деңгейі мен вокалға қатысты да сын айтқан.
Соған қарамастан, блогерді қолдаған тыңдармандар да аз емес. Олар «Неге үнемі тиісе береді?», «Қазақша ән айтып жүргені үшін құрметтеу керек», «Жеңіл, тыңдауға оңай әуен», «Жаңа форматтан қорықпау керек» деп, Daricorn-ның ізденісін бағалауға шақырды.
Қалай болғанда да, Daricorn-ның қазақ тіліндегі жаңа вальсі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көпшіліктің назарын аударған туындылардың біріне айналды. Бұл ән тыңдарман талғамы мен қазіргі музыкалық трендтер төңірегіндегі пікірталасты одан әрі қыздыра түсті.
Соңғы жаңалықтар