"Бұл орындалу керек заңдылық": Қапшағайдағы қайғылы жағдайға облыс әкімшілігі түсініктеме берді

09.07.2025 14:43
0
360
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: gov.kz)

Қапшағайдағы қайғылы жағдайға облыс әкімшілігі жауап берді

7 шілде күні Қонаев қаласындағы Қапшағай жағасында Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің көз алдында қыз суға кетіп, қайтыс болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алайда Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, мұндай оқиғалар "жаз мезгілінде орын алуы заңдылық" екенін айтты.

Ulysmedia тілшісі Qazaq Invest Forum-2025 аясында шенеунікке сауал қойып, Қонаевтағы қоғамдық жағажайларда не себепті құтқарушылардың жиі болмайтынын сұрады. Журналистің айтуынша, марқұм болған бойжеткенге алғаш көмек көрсетуге тырысқандар оқиғаға куә болған адамдар мен жақындары ғана болған.

Әрине, бұл ауыр қайғы. Жазғы маусым басталса болды, медицина мен құтқару қызметі күшейтілген режимге көшеді. Дегенмен, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жаз мезгілінде жиі орын алады. Біз айтылған сын-ескертпелерді ескердік, өзімізге сабақ алдық. Қазір барлық бекеттер, медициналық та, құтқару қызметі де толық күшейтілді. Бұл жайтты жеке зерттеймін. Туристер өте көп келеді, сондықтан жағдайды толық саралап, ресми түсініктеме береміз, — деді Исатаев.

Айта кету керек, бұл оқиға туралы алғаш болып Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек хабарлаған болатын. Ол сол сәтте оқиға орнында жүрген. Оның айтуынша, жағалауда бірде-бір құтқарушы, бейнебақылау камерасы немесе медицина қызметкері болмаған. Ал алғашқы көмекті беруге тырысқандар куәгерлер мен туыстары.

Дереккөз: ULYS MEDIA 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий