Cessna Aircraft ұшағы апатқа ұшырап, жағажайға құлады
Бразилия жағажайындағы әуе апаты: ұшқыш қайтыс болды, жолаушылар құтқарылды
Бразилияда Cessna Aircraft ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып, жағажайға құлап жарылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
SHOT басылымының мәліметінше, апат Убатуба қаласындағы Гастан-Мадейра әуежайында орын алған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қалалық жағажайға құлағаннан кейін жарылған.
Ұшақ бортында бес адам болған. Ұшқыш оқиға орнында қаза тапты. Жолаушылар мен бірнеше демалушы жарақат алды. Зардап шеккендер арасында балалар да бар.
Куәгерлердің айтуынша, демалушылар жолаушыларды өз беттерінше құтқаруға тырысып, оларды ұшақ қалдықтарынан шығарып алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа себеп болған жағдайлар – қолайсыз ауа райы мен жаңбырдан кейінгі ұшу-қону жолағының тайғақ болуы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...