«Дардай министрді мафия соттап жіберді»: Әбішев медицина саласындағы былықтарды жайып салды

16.02.2026 11:31 Әсел Мұрат
«Дардай министрді мафия соттап жіберді»: Әбішев медицина саласындағы былықтарды жайып салды
601
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Олжас Әбішев пен Елжан Біртанов

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің орынбасары цифрландыру саласы бойынша сарапшы Олжас Әбішев «Qasqa Jol» YouTube арнасында денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әбішев денсаулық сақтау саласы әлі күнге дейін цифрландыруға көше алмай отырғанын айтты.

 «Денсаулық сақтау министрлігі бір-бірімен біріктірілмеген 30 цифрлық платформа бар деді. Бірақ біріктірілген күннің өзінде, егер адамның ойы өзгермесе, ол жүйеден түк пайда болмайды. Бұл отыз ақпараттық жүйе кеше пайда болған жоқ. Бірақ оның көптігіне қарамастан, бізде жыл сайын ақша жымқырылады, жыл сайын бір баланың 82 тісін емдейді, бір емханаға 15 мың баланы тіркейді, 700 мың еркек жатыр мойны обырын тексеруден өткен. Процестер дұрыс құрылмаған. Президенттің өзі министрдің көз алдында миллиардтаған қаржы ұрланып жатқанын айтты. Сонда 30 ақпараттық жүйенің не керегі бар? Егер басқарушылар 30 ақпараттық жүйедегі мәліметтерді дұрыс бақыламаса, былық жалғаса береді. Басқарушылар болсын, менеджерлер болсын сол отыз ақпараттық жүйенің ішіндегі мәліметтердің бәрін дұрыс басқармаса, осы былық жалғасады, ақша ұрлап үйреніп қалған медмафиялар оны әрі қарай да ұрлай береді. Оны тоқтату үшін саяси күш керек», - деді Әбішев. 

Сарапшы бұл былықтың тоқтамауына не себеп болғанына үңіліп, өзінің неліктен істі болғанын ашық айтты. 

«Бұл жерде екі мәселе бар Біріншіден, министр жалғыз өзі барлығын бақылап отыра алмайды. Қазақстанда 8 мыңнан астам медициналық мекеме, 290 мың қызметкер бар. Жыл сайын 3 триллион теңге бөлінеді. Бірақ министрдің цифрландыруға жауапты орынбасары бар. Сол адам неге осы ақпараттық жүйелерді біріктірмеген? Министрдің сол орынбасары неге жалған деректерді анықтамаған? Өйткені бұл жерде қорқыныш бар. Егер бір адам немесе топтар сол ұрланған ақша мен жүйенің бәрін тексеріп, түртетін болса Біртанов екеуміз сияқты сотталып кетеді. Біз мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастырды деп сотталып кеттік. Сондықтан олардың бәрі Біртановтың ісінен қорқып, ешкім тиіспейді. Қазіргі қызметкерлердің негізгі мақсаты жұмыстан шықса да сотталмау. Себебі біз сотталдық қой. Коррупция, ақша жымқырып қамауға алынбадық. Сот үкімінде: Біртанов пен Әбішев «мемлекеттік қызметкерлердің эффективті имиджін жасаған» деп жазылған. Сол үшін бүкіл шенеуніктер ұрланса ұрлана берсін, бізге ескерту беріп жұмыстан шығарып жіберер, тек сотталғымыз келмейді деп қорқып жүр. Бұл – негізгі себеп», - деді срарапшы.

Ол бұл мәселеде шенеуніктердің көпшілігі жұмыс істеуге қауқарсыз екенін, Біртановтың тағдырын қайталаудан қорқатынын айтты.

«Президент жвл сайын жаңағы 30 жүйені біріктіріңдер деп тапсырма беріп келеді. Тіпті, жылына екі реттен айтылады. Оны ешкім орындап жатқан жоқ, Себебі оны орындау уақыты жақындаған сайын шенеунік орнын ауыстырады немесе жұмыстан шығып кетеді. Ал министр қорқып отыр. Себебі Біртановты соттап жіберді. Дардай министрді мафия соттап жіберді. Келесі министр Біртановтің жұмысын қайталаса, оны да соттап жібереді. Сол үшін қорқып отыр. Президенттің өзі министрдің қол астындағы ақшаның жымқырылып жатқанын нұсқап айтып отыр. Ескерту айтылса да, ешкім сотталғысы келмейді. Сылтау айтып жүргендеріне 5 жыл болды. Сол сылтаумен әлі өмір сүріп келеміз», - деді Әбішев. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий