Дариға Назарбаева көпшілік алдына шықты
Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Гүлмира Кенжеболатованың туған күніне арналған кеште көпшілік алдына шықты. Бұл туралы әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші туған күн иесін кандидаттық диссертациясын қорғаған кезінен бері танитынын айтып, арадағы сыйластықтың жылдар бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті.
.jpeg)
Кеш барысында Толқын Забирова Дариға Назарбаевамен кездесіп, ғылыммен айналысқан жылдарын еске алған.
«Осы кеште Дариға Нұрсұлтанқызымен де кездесудің сәті түсті. Диссертация қорғаған жылдары Бірінші Президент қоры бізге, ғылымға ұмтылған жастарға үлкен қолдау көрсетті. Монографияларымызды жарыққа шығаруға мүмкіндік берді. Ол қолдаудың біз үшін маңызы зор еді. Сондықтан кездескенде алғысымды білдірдім», – деп жазды Толқын Забирова.
Алайда көп ұзамай әнші бұл жазбасын әлеуметтік желідегі парақшасынан өшіріп тастаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...