«Дауысы сағындырған еді»: Айдана Меденованың қайта оралуы елді елеңдетті
Соңғы жылдары дінге бет бұрып, сахнадан алыстаған бұрынғы КешYOU бұрынғы тобының солисі Айдана Меденова қайтадан ән айта бастады. Бұл туралы өнер иесінің әлеуметтік желідегі жазбасы жұрт назарын бірден аудартты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Айдана өзінің ескі әндерінің біріне қатысты естелігімен бөлісіп, сол кезеңдегі қарбалас түсірілім барысын еске алды.
«Осы әнге бейнебаянды ұйықтамай 26 сағат түсіргеніміз есімде. Сол уақыт ішінде 8 рет образ ауыстырдық. Ал бәрі біткен соң үйге емес, бірден бургер жеуге кеткенбіз», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары да өз пікірлерін жасырмады:
«Дауысы ерекше, таза еді», «Қазақ эстрадасына жетіспей жүрген үн», «Қайта ән айтса, қуанып тыңдаймыз»,
«Айдананың сахнасы бөлек болатын», — деп жазды тыңдармандар.
Айта кетейік, Айдана Меденова бір кезеңде шоу-бизнестен саналы түрде алыстап, жеке өмірі мен рухани жолын таңдаған еді. Сондықтан оның қайта ән айтуы кей жанкүйерлер үшін тосын жаңалық болса, енді бірі үшін көптен күткен үміттің оянуы іспетті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...