Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың есепшоты бұғатталады
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті декларация тапсырмағандардың ендігі жағдайы не болатынын айтты.
Бұл кезеңде басшылық қызметтегілер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары өткен жылға арналған 250.00 нысаналы декларацияны тапсыруы тиіс болған. 1 қаңтарда басталған тапсыру мерзімі 16 қыркүйекте аяқталды.
Декларацияны тапсырмаған тұлғаларға салық заңнамасында белгіленген салықтық есептілік мерзіміне дейін хабарландыру жолданды. Мұндай салық төлеушілер декларация тапсыруы немесе хабарландыруды алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.
«Декларация тапсырмаған салық төлеушілерге банктегі есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату түріндегі шара қолданылады», - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...
23.10.2026
20:54
«Америкада жүр» деген Мәсімов әлі түрмеде отыр
23.10.2026
20:30
Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғал...
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды