Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғалімі жұмыстан босатылды

Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғалімі жұмыстан босатылды
Әлеуметтік желіден

Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғалімі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Атыраудағы NIS мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғаліміне қатысты ішкі тексеріс жүргізіп, еңбек шартын бұзды. Бұл туралы ұйымның ресми хабарламасында айтылған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған мұғалімге қатысты ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты мектептің Оқушылар қауіпсіздігі қызметі тексеру жұмыстарын бастаған. Тексеру оқушыларды қорғау жөніндегі қолданыстағы саясатқа сәйкес жүргізілген.

Тексеру қорытындысы мен тәртіптік комиссия қараған материалдардың нәтижесінде мұғаліммен жасалған еңбек шарты бұзылды. Ұйымның мәліметінше, оған педагогикалық қызметті жалғастыруға үйлеспейтін моральға қайшы теріс қылық жасады деген негізде осындай шешім қабылданған.

Еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес бұзылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу