Денсаулық сақтау министрі зардап шеккен балалардың жағдайын білді

Денсаулық сақтау министрі зардап шеккен балалардың жағдайын білді
22.08.2025 09:12
0
145
Сурет: Ақмарал Әлназарова

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА АСТАНАДАҒЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ЖАТҚЫЗЫЛҒАН ЕКІ БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

21 тамызда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданындағы жол апатынан зардап шеккен балаларға барды.

Министр Кеше Астана қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған екі баланың жағдайымен танысты. Ауыр жарақат алған Ерәділді тұрақтандыруға қол жеткізіліп, ол реанимациядан кәдімгі бөлімшеге ауыстырылды.

Сапар барысында Әлназарова баланың анасымен кездесіп, тезірек қалпына келуін тілеп, қолдау білдірді.

Айерке есімді қыз әлі де ауыр халде, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, ем қабылдап жатыр.

Ал, Үржар аудандық ауруханасында жатқан тоғыз жасар Айзеренің жағдайы өте ауыр күйінде қалып отыр. Ол отадан кейін жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Еске салсақ, 19 тамызда Үржар ауданында жүргізуші аулада ойнап жүрген балаларды қағып, салдарынан үш бала оқиға орнында көз жұмып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеу процесін ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий