Депутат Бақытжан Базарбек заңсыз қоқыс полигонын әшкерелеп, шенеуніктерді айыптады

Депутат Бақытжан Базарбек Алматының Наурызбай ауданындағы заңсыз құрылыс қалдықтар қоқысы полигонын әшкерелеп, шенеуніктердің қасақана әрекетсіздігін сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.
Депутаттың айтуынша, жер иесі бірнеше жыл бойы тау бөктеріндегі сайды заңсыз көміп, элиталық коттедждер салуға дайындаған. Бұл әрекеттердің салдарынан тау етегінің экожүйесі мен биоалуантүрлілігі толығымен жойылған.
Базарбек Наурызбай ауданының әкімдігі, полициясы және басқа да бақылаушы органдар осы заңсыздыққа үш жыл бойы көз жұмып келгенін мәлімдеді. Ол жер телімінің берілуі мен сайдың көмілуінің заңдылығын тексеруді бастағанын айтты. Бұл жазбаға пікір қалдырған Серік Байғалиев есімді азаматтың айтуынша, жергілікті департамент алғашқы тексерісте заңбұзушылықты анықтамаған. Тек келесі тексерісте ғана бәрі расталып, тіпті жаңа заңбұзушылықтар ашылған, бірақ тағы да ешқандай әрекет болмаған.
Айта кетейік, қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұлдар миллиардтаған теңгеге жетуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





