Депутат халықтың қалтасын қаққан үш ірі оператордың әрекетін тексеруді талап етті

10.12.2025 16:51 Арман Ермеков
Депутат халықтың қалтасын қаққан үш ірі оператордың әрекетін тексеруді талап етті
0
242
Фото: Utsman Media

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов еліміздегі ірі ұялы байланыс операторларының қызмет құнын күрт қымбаттатуына байланысты Үкіметке сауал жолдады. Халық қалаулысы Altel, Tele2 және Beeline компанияларының абоненттік төлемді 15-20 пайызға өсіру туралы шешімін қатаң сынап, оларға тексеріс жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Парламент қабырғасында сөз алған дептута үш бірдей ірі оператордың тарифтерді бір мезетте және бірдей көлемде көтеруі қоғамда негізді күмән тудырып отырғанын алға тартты. Депутаттың пікірінше, телеоператорлардың бұл қадамы миллиондаған қазақстандықтың отбасылық бюджетіне ауыр салмақ салады.

Осыған байланысты Жанарбек Әшімжанов Премьер-Министрден жағдайға араласып, операторлардың іс-әрекетіне арнайы тексеру жүргізуді сұрады. Сондай-ақ нарықты бәсекелестікке ашу және бағаны тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында бірнеше ұялы байланыс операторы баға саясатын қайта қарайтынын жариялаған болатын. Нәтижесінде тарифтер шамамен 15-20 пайызға қымбаттамақ. Компания өкілдері мұны инфляция деңгейімен, желіге кететін шығындардың өсуімен, импорттық құрылғылардың қымбаттауымен және салық заңнамасындағы өзгерістермен оның ішінде ҚҚС-пен түсіндірген еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий