Депутат мас күйде көлік жүргізгендерге жеңілдік жасауды ұсынды

20.03.2026 15:23 Әсел Мұрат
Депутат мас күйде көлік жүргізгендерге жеңілдік жасауды ұсынды
210
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан көлікті мас күйде жүргізіп ұсталған азаматтарға елдегі енгізілгелі жатқан рақымшылыққа байланысты жеңілдік жасау керек деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

«Рақымшылық жасау тетіктерінің қазір ешқандай тұжырымдамасы жоқ.Біз шағымы көп азаматтардың күн сайын қабылдаймыз. Шағымы ең көп азаматтардың нөпірі – жүргізуші куәлігінен айырылғандар, олардың туыстары, ағайындары. Біз нені жоғалттық? Бізге тек азаматтар емес, автопарктер қауымдастығы да шығып жатыр. Олар бізде қазір автобус жүргізетін азаматтар жоқ дейді. Ал ол жерде автобус жүргізу үшін Д санаты керек. Д санатынан бөлек, қызмет өтілі керек. Сондықтан бұл бір жағынан экономикалық мәселе болып тұр», – дейді Абзал Құспан. 

Депутаттың айтуынша, мас күйде ұсталғандарды жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру – өте ұзақ мерзім. Бұл заң ІІМ айтқандай нақты нәтижеге бермеген. Құспан заң күшіне енгелі жол-көлік оқиғалары азайған жоқ деп есептейді.

 «Оған қоса мастықтың ең төменгі шегі деген бар. Бұрын мастықты өлшейтін 0,2 промиллені алып тастаған. Яғни осы шектен асса ғана жауапқа тартатын. Қазір 0,2 промиллені қазір ашыған компот немесе қымыздан да таба аласыз. Жауапқа тартылып жатқан азаматтардың бәрі араққа сылқия тойып, көшеде көлік жүргізіп жүр дегенді білдірмейді. Бізде қате түсінік қалыптасқан», – дейді депутат. 

Ол осы жазаға іліккен мыңдаған азаматтарға жеңілдік жасайтын уақыт болды, ал мас күйде көлік жүргізіп ұсталғандарды жүргізуші куәлігінен 7 жылға емес, 3 жылға ғана айыру керек деп санайды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий