Депутат Тұрлыхановтың ұлының тағдыры не болды?

Депутат Тұрлыхановтың ұлының тағдыры не болды?
20.06.2025 13:01
0
149
Фото: әлеуметтік желі

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы заңгер Анна Чернова Instagram парақшасында жазды.

Бүгін Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Нұрасыл Болаттың бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен алмастыру туралы өтініші қаралуы тиіс болатын. Алайда қорғау тарабы істегі кейбір материалдарда өрескел қателіктер барын алға тартты.

Адвокат Назкен Құсайынованың айтуынша, түзету мекемесі дайындаған мінездемеде жаза мерзімі қате көрсетілген. «Онда Болатқа екі жыл емес, жеті жыл кесілген деп жазылып кеткен», – деді ол. Сонымен қатар, қорғау тарабы сотталушының өтініші туралы ақпараттың көпшілікке тарап кеткеніне де наразы болды.

«Олар өтінішті қайтарып алды. Назкен Құсайынова тағы да өзіне тән әрекетке барды. Біз, яғни жәбірленуші тарап, іс материалдарын, хат алмасуларды, басқа да құжаттарды бүкіл әлемге таратып жіберді деп отыр», – деді Анна Чернова соттан кейін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий