«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының қолдауымен жиналған гуманитарлық жүк Түркістаннан Құлсарыға жетті
441
Сәуірдің 14-і күні «Киелі Түркістаннан Құлсарыға» деген атаумен Құлсары қаласына 30 тонналық гуманитарлық көмек жөнелтілді. Күні кеше азық-түлік, гигиеналық заттар, қайық, күрек, қазан-ошақ сынды қажетті заттар тиелген жүк көлігі діттеген жеріне жетті. Бұл игі шара түркістандық тұрғындар және «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының ұйытқы болуымен қолға алынды. Қарғын судан зардап шеккен отандастарымызға жіберілген гуманитарлық жүк арасында суда жүретін арнайы киімдер мен етіктер де болды.
«Ассалаумағалейкум Қазақ елі! Барша түркістандықтар! Аманаттарыңызды Құлсары қаласына жеткіздік. Түркістаннан шыққан жүк Құлсары қаласына аман-есен жетті. Құлсары қаласының азаматтарына тапсырдық. Барша қатысқан қала тұрғындары сіздерге айтар алғысым зор. Бізге қолдау көрсеткен «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорына алғыс білдіреміз! Біз, түркістандықтар, батыстықтармен біргеміз!» — деді Түркістанның қоғам белсендісі.Түркістан қаласы тұрғындарының табиғат апаты болған аймақтарға деген көмегі толастаған жоқ. Күніне әр мөлтек ауданның өзінен жүк көліктері батыс, шығыс, солтүстікке гуманитарлық көмектермен кетіп жатыр.
«Ел ағалары мен өрімдей жастар жұмылып, көліктерді толтыруға күн-түн демей еңбек етуде. Халықтың ынтымағы мен берекесі және шынайы тілегіне артының жақсылығын берсе екен деп, біз де бірге шапқылап жүрміз. Өзім біздің облыстан жетекшілік ететін «Әділдік және Өркендеу» Қорының қаржылай үлес қосуымен 30 тоннадай жүк Құлсарыға барды. Ұйымшыл, берекелі түркістандықтардың тірлігі тоқтамай, бірлігіміз берік болса, апаттың арты оңай еңсерілер!» -деді «Әділдік және Өркендеу ҚҚ Түркістан облысындағы өкілдігінің жетекшісі Әдемау Толысбаева.Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде «Әділдік және Өркендеу» Қорының барлық 7 қоғамдық қабылдауы қиын өмірлік жағдайға тап болған өңір тұрғындарына гуманитарлық жүктерді жинау және жеткізу, сондай-ақ еріктілерді үйлестіру міндеттерін қолға алды. Қоғам белсенділері бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын салуға қатысады. Сонымен қатар Қоғамдық қор қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының атына бір күндік табысын аударды.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...