Әділет министрі екі оттың ортасында қалды

07.05.2024
19:57
0
107
Мәжіліс "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді екінші оқылымда қабылдауға әзірлеуде.
Әділет министрі Азамат Есқараевтың түсіндіруінше, заң жобасының басты бір жаңалығы сол, ол әкімшілік жазаның жаңа түрі ретінде "қоғамдық жұмыстарға тарту" жазасын белгілейді және оны қолданудың механизмін айқындайды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер аясында қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы – әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, оның зардаптары, кінәлінің жеке ерекшеліктері сияқты бірқатар құрамдар салыстырыла отырып қолданылатын болады. Мәселен, заң жобасында қоғамдық жұмыстарды 9 бап бойынша қолдану ұсынылады", – деді министр.Заң жобасында "қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын" қолданудың алгоритмі көрсетілген.
- Біріншіден, әрбір өңірде жергілікті әкімдік сотталғандар орындайтын қоғамдық жұмыстардың түрлерін және олар жұмыс істеуі үшін жолданатын ұйымдардың тізімін анықтайды.
- Екіншіден, әкімдіктер сот қаулысы келіп түскенде құқық бұзушыны өзіне шақырады: оның жеке деректерін толтырады, оған құқықтары мен міндеттерін, қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібін түсіндіреді. Оның қоғамдық жұмыстарды орындау кестесі мен жиілігін белгілейді.
- Үшіншіден, әкімдік қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адамдарды жіберетін жұмыс орнына – ұйымға хабарлайды.
- Төртіншіден, құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылайды. Егер жіберілген адам жұмыс орнында көрінбей, қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарса, әкімдік ішкі істер органдарын хабардар етеді.
- Бесіншіден, ұйымдар орындалған жұмыстардың актілерін жасайды, жұмыс сағаттарының табелін жүргізеді. Тоқсан сайын қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы әкімдікке есеп береді.
"Біз қоғамдық жұмыстар институтын әкімшілік заңнамаға енгізуді өте дұрыс және қажет деп есептейміз. Алайда қоғамдық жұмыстарды іске асыру тетігі күмән тудырады. Мәселен, заң жобасында бұл функцияны жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімдіктерге жүктеу ұсынылған. Бұған келіспейміз! Мысалы, әкімдіктердің Әлеуметтік қорғау басқармаларында жұмыс істейтін мамандардың, әсіресе жас қыз-келіншектердің дебошир немесе абьюзер секілді құқық бұзушыларды жұмыс істеуге мәжбүрлеуге сөзі жүрмейді, әлі де келмейді. Осыған байланысты жұмыс тобының отырыстарында қоғамдық жұмыстарды орындау және бақылау тетігін қайта қарау қажеттігі туралы мәселе бірнеше рет көтерілді", – дейді Мәжіліс депутаты Қарақат Абден.Мәжілісмендердің бір бөлігі әкімдіктердің қарапайым қызметкерлері бұл жұмысты еңсере алмайды деп санайды. Сондықтан олар бұл міндеттерді ішкі істер органдарына жүктеу туралы түзетулерге бастамашылық жасады. Бірақ ІІМ қызметкерлері қылмыстық емес, әкімшілік ұсақ қылмыс жасағандарға әбігер болып, бостан-босқа уақыт өткізгісі келмейді. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха заң жобасының қазіргі нұсқасында белгіленген тетікті "ең оңтайлысы" деп атады.
"Кейбір депутаттар "мұны ішкі істер органдарына артайық!" деп отыр. Егер солай жасаса, сот шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылғандардың үстінен күн сайын қарайтын, олардың жұмысын орындаған-орындамағанын бақылайтын жалғыз ғана адам бар, бұл – учаскелік инспектор. Бұл – оған орасан зор жүктеме. Салдарынан, біз учаскелік инспекторларды негізгі міндетін орындаудан – қылмыстардың алдын алудан, профилактикадан жұлып аламыз. Бұл іспен айналысатын қызметкерлердің басқа санаты бізде жоқ!", – деп кесіп айтты ІІМ басшысының орынбасары.Сонда қылмыскерлердің қоғамдық, түзеу жұмыстарын бақылайтын пробация қызметі бар емес пе?
"Ия, біз қылмыстық істер бойынша сот үкімі аясында қоғамдық жұмыстарды бақылаймыз. Бірақ оны әкімшілік құқық бұзушылықтар аясындағы қоғамдық жұмыстармен салыстыруға болмайды. Мән-мағынасы басқа. Жаңа институт аясында біз онсыз да әкімдіктерге көмектесеміз: егер құқық бұзушы жұмысын орындамаса, бізді шақырады. Біз оны қосымша әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Меніңше, бұл ең ұтымды механизм. Ол әкімдіктердің қадағалауымен пәрменді жұмыс істейтін болады", – деп сенім білдірді И.Лепеха.Екі оттың ортасында қалған Әділет министрі – заңды әзірлеуші әзірге ортадан шығар бір төрелігін айта алмады. Талқылау жалғасады. Құжатта әзірше, жауапты орган ретінде әкімдіктер қалып тұр.
"Жұмыс тобы аясында бұл мәселе, бастама көтерілген болатын. Біздің пайымдауымызша, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, әрине, жергілікті атқарушы органдардың міндеті болуы керек. Полиция қалай жұмысты ұйымдастырады? Егер кінәлі тұлға жұмысты атқарудан жалтарса, онда жергілікті атқарушы орган ішкі істер органдарына хабарлама жібереді, соның негізінде полиция келіп, әлгі адамды арнайы мәжбүрлеу шаралары арқылы жұмыс істеткізетін болады", – деді Әділет министрі Азамат Есқараев.Сондықтан жаңа институт айналасындағы қызылкеңірдек айтыс-тартыс қашан және немен аяқталатыны белгісіз.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

19.04.2025
11:07
"Заманбек Нұрқаділовтің немересі де бар": Қоғам...

19.04.2025
10:10
“10 баспананы сатып қонақ үй салған”: Ілияс Сар...

19.04.2025
09:38
АҚШ Қырымды Ресей аумағы ретінде мойындауы мүмкін

18.04.2025
21:01
Димаш Құдайбергеннің қарындасы нәзік бейнесімен...

18.04.2025
20:16
Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты сүйінш...

18.04.2025
19:48
Танымал актер полиция арқылы үндеу жасады