Димаш Құдайберген мен Лара Фабианның суреті адамдарды тамсандырды

Димаш Құдайберген мен Лара Фабианның суреті адамдарды тамсандырды
05.06.2025 18:54
0
93
Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Лондонда өткен Лара Фабианның концертінен кейін ұлдарымен және танымал әншімен түскен жылы жүзді фотосуретті әлеуметтік желіге жүктеп, көпшілікті қуантты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Фотода Қанат Айтбаев, Димаш, оның кенже інісі Мансұр және әлемге танымал канадалық-бельгиялық әнші Лара Фабиан бейнеленген.

Суреттің астына: «Лара Фабианның тамаша концертінен кейін» деген жазба қалдырылған.

Желі қолданушылары:

«Тамаша сурет, керемет қойылым, үлкен құттықтаулар», «Әсем тарихи сәт», «Сіздердің бірге ән айтқандарыңызды көру – армандарымыздың орындалуы. Бұл ғажайып қойылым болды», «Керемет сурет! Дуэт қуантты, ал Димаштың жанындағы жақсы адамдар жүрекке жылулық сыйлайды» деп жазып, өз әсерлерін білдірді.

DimashNews порталының мәліметінше, Лара Фабианның "Voices" атты әлемдік тур аясындағы концерті 3 маусым күні Лондондағы OVO Arena Wembley сахнасында өткен.

Кештің арнайы шақырылған қонағы ретінде Димашпен бірге Лара Фабиан әйгілі "Adagio" әнін қосыла орындады.

Лара Фабиан:

«Димаштың дауысы – менің өмірімде естіген ең әсерлі, қуатты әрі тылсым дауыстардың бірі. Оның бүгін бізбен бірге болып, ең күрделі әндердің бірін орындайтыны – үлкен сыйлық», – деп атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий