Димаш уәдесінде тұрды: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Hyundai Palisade табысталды
1507
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, су жаңа Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін Димаш спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, арнайы видеоүндеу жолдаған еді. Өнер иесі Михаилге ел намысын асқақтатып, көптен күткен алтынды әкелгені үшін алғыс айтып, тосынсый дайындағанын мәлімдеген болатын.
«Мишабай, бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын! Ағаң Дениске, халқыңа берген сертіңді орындадың. Мұз үстіндегі болашағың жарқын болсын. Саған темір тұлпар сыйлаймын», – деген еді әнші.
Еске салсақ, 14 ақпанға қараған түні Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, чемпион атанды. Осылайша, қазақстандық спортшы ел қоржынына 32 жыл күткен алтын медальді салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
22:19
Ресейдегі газ құбырында жарылыс болды: ҚР Энерг...
13.10.2026
21:12
Астанада жолаушыға тиіскен inDrive жүргізушісі ...
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...
13.10.2026
19:23
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайы...
13.10.2026
18:59
Семейде 20 жастағы қызды өлтірген жігітке 14 жы...
13.10.2026
18:43
Amanat партиясы мәслихат сайлауына қатысудан ба...