Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайымы Alem.ai орталығының жұмысымен танысты

13.10.2026 • 19:23 Қанат АЙБАР
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайымы Alem.ai орталығының жұмысымен танысты
40
Фото: Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді. Мәртебелі меймандарға музей экспозициясы, робототехника аймағы және ЖИ-кинотеатрдың мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Іс-шара барысында қонақтарға Alem.ai орталығын дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы, TUMO Astana инновациялық білім беру бағдарламасы және Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасының тыныс-тіршілігі туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілді.

Аталған зертхана базасында қазіргі уақытта бірқатар маңызды бастамалар іске асырылуда:

  1. Жасанды интеллект, нейроғылым және бейімдеп оқыту саласындағы іргелі зерттеулер;
  2. Паркинсон ауруын ерте кезеңде анықтауға арналған ЖИ-скрининг әдістері.

Кездесу аясында Гент университетінің атынан Қазақстанның дарынды оқушылары мен студенттеріне арнайы телескоп табыс етілді.

Ғылыми аспапта Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Франсуа Энглер, Герард ’т Хоофт және Мишель Майордың, сондай-ақ бельгиялық астронавт Франк Де Винненің автографтары қалдырылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий